2026 жылғы 25-26 сәуірде Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында П. Соукупованың шығармасы негізінде, А. Мансуровтың инсценировкасымен қойылған «Суперстранные дети» спектаклінің премьерасы өтті.
Қоюшы режиссері — Марина Пронина, қоюшы суретшісі — Татьяна Ушакова.
2025 жылы Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында РФ ТҚО режиссерлік зертханасы өткен болатын. Зертхананың қорытындысы бойынша режиссер Марина Пронина ұсынған «Суперстранные дети» эскизі таңдап алынды.
2026 жылы Марина Пронина ұсынған эскиз негізінде толыққанды спектакль қою үшін театрға қайта келді.
Спектакль туралы: «Мен сені қандай барсың, сол қалпыңда, барлық “ерекшеліктеріңмен” қабылдаймын». Спектакльдің өзегінде – айналасындағы адамдардың түсінбеуі мен айыптауы салдарынан жан дүниесінде көрінбейтін жаралар қалған төрт жасөпірімнің оқиғасы. «Қане, алысқа-алысқа кетейік, сонда бәріне жақсы болады», – деген түпкілікті шешім қабылданады. Құпия орман арқылы саяхатқа шыққан кейіпкерлер тек сыртқы кедергілермен ғана емес, өз қорқыныштарымен де бетпе-бет келеді. Бір-біріне демеу бола отырып, олар батыл, ашық әрі шынайы болуды үйренеді. Бірге жүріп өткен әрбір қадам – есейуге, өзін қабылдауға және жан жарасын жазуға жасалған қадам.
Екі күндік көрсетілімде кіші залда аншлагпен өтті.


