Ашық дайындықтар – театрдың жаңа жобасы, ол көрерменге қойылымның жасалу процесіне тікелей көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Әлемнің көптеген театрларында бұл формат дәстүрге айналған, ал біз оны интерактивтілік пен аудиторияның қатысуына басымдық бере отырып бейімдеуді шештік.
Біздің театрда ашық репетициялар премьералық қойылымдарды дайындау аясында өтеді. Бұл – спектакльдің туындау сатысын көруге берілген бірегей мүмкіндік. Декорациясыз, костюмсіз, актерлер әлі мәтінмен жұмыс істеп, сахналық көріністер тек қана өз сыйпатын ала бастаған кездер. Сол сәтте ең басты нәрсе айқын көрінеді – актерлік шеберлік, яғни барлық процестің негізі.
Кездесудің екінші бөлігінде көрермендер тек бақылаушы ғана емес, қатысушыға айналады: Режиссер қалағандарға сахнаға шығып, кейіпкерлердің бірінің рөлін сомдап көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе театрдың ішкі жұмысын тереңірек түсінуге және оның қаншалықты күрделі әрі қызықты еңбек екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Бірінші ашық дайындық 2025 жылғы қазанда өтті. Көрермендерге сол кезде қойылым дайындау процесінде тұрған «Party по-деревенски» спектаклінен үзінділер көрсетілді.
Екінші ашық дайындық 2026 жылғы ақпанда өтті. Ол Н.В. Гогольдің «Женитьба» пьесасы бойынша «Метаморфозы Подколёсина или совершенно невероятное событие» спектаклінің премьерасына арналды.
Ашық дайындықтар – театр мен көрермен арасындағы тірі диалог, мұнда әркім шығармашылық процестің бір бөлігіне айналуға мүмкіндік алады.


