Квартирник – бұл театр әртістерінің көрермен алдында жеке және бейресми форматта өнер көрсететін камералық музыка-поэтикалық кеші.
Бағдарламада – тірі орындауда әндер, өлең оқу және көрерменмен тікелей қарым-қатынас орын алады. Квартирник атмосферасы шынайылыққа, жылы әңгімеге шақырады. Сахна мен зал арасындағы дәстүрлі қашықтық жойылады.
Әр кештің репертуары әртістердің өздері тарапынан жасалады, сондықтан ол әрдайым әр түрлі болып, олардың даралығын, талғамын және көңіл-күйін көрсетеді.
Квартирник – театр актерлерін жаңа қырынан тануға, олардың рөлдерінен тыс көріп, шығармашылық тұлғасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін ерекше шара.



