Автор: Григорий Горин
Қоюшы-режиссерлік топ: В. Дроздецкий, И. Мальчихина
Көркемдік қоюшы: Т. Ушакова.
Еврей сүт сатушысы Тевье, оның жұбайы Голда мен бес қызының өмірі туралы оқиға. Олар Украинадағы Анатовка ауылында, антисемиттік көзқарастар мен жаппай еврейлерге қарсы қудалаулар күшейген кезеңде өмір сүреді. Бұл қойылым Шолом-Алейхемнің классикалық прозасы негізінде Григорий Гориннің қаламынан туған. Шолом-Алейхем — идиш тіліндегі қазіргі көркем әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі болған еврей жазушысы және драматург.
Ауылда көп жылдан бері орыстар, еврейлер, украиндар бірге өмір сүріп келеді. Тевье — философиялық ойларға бейім, өмір туралы көп толғанатын, кәдімгі ауылдағы кедей сүтші. Оның ойынша, үш үлкен қызының кедейліктен құтылуының жалғыз жолы – бай күйеуге шығу. Алайда қыздары тағдырларын өз қалауларымен шешеді: үлкен қызы Цейтл бай қасапшы Лейзер-Волфпен үйленуден бас тартып, кедей тігіншіге тұрмысқа шығады; ортаншы қызы Киевтік революционер-студент Перчикті таңдайды; ал кенже қызы орыс писарі Фёдорға деген махаббаты үшін әкесінің сенімін тастап, православ дінін қабылдайды.
Алайда бір қиындықтың артынан екіншісі келеді...
Қойылымда басты кейіпкердің Сенімінен, Үмітінен және Махаббатынан айырылуы арқылы отбасының күйреуі, ыдырауы аса терең әрі әсерлі түрде көрсетіледі.
Қоюшы топ
Режиссер: Дроздецкий В. В., Мальчихина И. А.
Қойылым куратор: Чупин А. В.
Суретші: Ушакова Т. В.
Муз. көркемдеу: Колосов И. П.
Жарық: Грехов В.А. Мурадов Г. Д.
Хореография: Квасневская О. М.
Вокал бойынша репетитор: Клейман Л. Г.
Рөлдерде:
Тевье –Хомутов В. А.
Голда – Снегирева Н. В.
Цейтл –Агафонова А. С.
Годл - Валеева М. И.
Хава -Тесля-Ярцева Е. Г.
Шпринца - Орищенко Е. С.
Бейлке – Хомец Ж. И.
Мотл –Мукашев А. А.
Перчик – Гужель Р. В.
Федор – Блинов Ю. Ю.
Менахем-Мендл – Керимов О. А.
Степан – Бухонов В. В.
Лейзер-Волф – Ибраев Н. С.
Урядник -Колесов Н. Е.
Войцек – Зверьева О. А.
Девушка - Ершова Н. В.
Мать Менахема - Гулуева Л. В.
Гости на свадьбе, соседи - Свищева С. А., Мигунова Н. А., Ошивалова А. Е.
https://tuz-temirtau.kz/kz/repertuar/a-ymda-y-repertuar.html?id=916&layout=edit#sigFreeId95f1fb0531