Авторы: Михаил Хейфец
Қоюшы режиссер: А. Чупин
Көркемдік қоюшы: А. Трушкова

Пьесаның басты кейіпкері Михаил Питуниннің өмір жолы Александр Сергеевич Пушкиннің есімімен тығыз байланысты. Әлі балабақшадан бастап, Пушкин ленинградтық қарапайым балаға жанама түрде көп ауыртпалық пен қайғы әкелген. Бірінші жақтан баяндалатын бұл автобиографиялық оқиға кеңестік және посткеңестік уақыт пен кеңістікті ғана қамтып қоймай, сонымен қатар XIX ғасырға да жетелейді. Онда Питунин Александр Сергеевичтің өлімінің құпиясын ашуға тырысады, дуэль сәтін өз басынан өткендей елестетіп, өзіне көшіреді.
Пушкин – «біздің бәріміз үшін қастерлі тұлға», «алтын ғасырдың ақыны» – бастапқыда антагонист болса да, кейін Михаилге досқа айналады. Ол кейіпкерді күтпеген түрлі өмірлік жағдайларда: алғашқы махаббатта, Кеңес армиясында қызмет ету барысында, жалғыздық пен әлеуметтік-саяси өзгерістер кезеңінде «құтқара» бастайды.
Алайда пьесаның басты тақырыбы – руханият пен рухани жұтаңдық, мәңгілік пен өткіншілік, Адам өмірінің мағынасы. Ақыры Александр Сергеевич Питунин үшін ең жақын досқа айналады. Ол үшін Михаил дуэльде өзін құрбан етуге де дайын – ақынды оқтан қорғайды...

Қоюшы топ
Режиссер: Чупин А. В.
Суретші: Трушкова А. М.
Муз. көркемдеу: Гермес Н. И.
Жарық: Мурадов Г. Д.

Рөлдерде:
Питунин - Керимов О. А.