ТЕМІРТАУ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ

 

 

Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры 1989 жылы құрылған.

Теміртау жасөспірімдер театры Теміртау қаласының театр мәдениетін сақтау мақсатында ашылып, оны толығымен Қарағанды облысының жас көрерменіне бағыттады.

Теміртау театрының алғашқы маусымы 1990 жылы 24 қарашада О. Петрушевскаяның пьесасы бойынша «Чемодан чепухи» спектаклімен ашылды.

Театрдың алғашқы бас режиссері Юрий Евгеньевич Синин, бірінші директоры - Владимир Коростылев болды. Театрдың актерлік құрамының бастауында сахна шебері Нина Константиновна Сытина, жоғары санатты актер Михаил Николаевич Маскалюк, Александр Алексеевич Кашуро, Иван Саканцев, Владимир Амбросов, Владимир Михайлович Авраменко тұрды.

1995 - 2004 жылдар аралығында театрдың жетекшісі Сергей Павлович Юн болды, театрдың бас режиссерлері ұзақ уақыт бойы Елена Александровна Журавлева, Михаил Михайлович Долиненко болды. Театрдың бас суретшісі көптеген жылдар бойы Людмила Петровна Скокова болды. 90 - шы жылдардың қиын кезеңінде олар Теміртау қаласының театры мен театр мәдениетін сақтап қалды.

Театрда көптеген жылдар бойы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Владимир Хомутов, Евгения Тесля - Ярцева, Наталья Ершова (2016 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Жыл актрисасы» номинациясы бойынша сыйлығы, облыс әкімінің сыйлығы), Айдар Мукашев (мәдениет Министрлігінің құрмет грамотасы), Наталья Снегирева (Қарағанды облысы әкімінің 2023 жылы «Үздік әйел эпизодтық рөлі» номинациясы бойынша сыйлықтың иегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері), Светлана Свищева, Олег Керимов (Әкәмнің 2014 жылы «Жыл актері» сыйлығының иегері), Людмила Гулуева (Қарағанды облысы әкімінің Үздік эпизодтық рөлі үшін сыйлығы).

Жоғарыда аталған актерлерден бөлек, театрдың негізін талантты жастар құрайды: Анастасия Агафонова, Никита Колесов, Роман Гужель, Нурлан Ибраев.

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты - қаланың ескі бөлігінде орналасқан сәулет ескерткіші. Театрда Теміртау қаласының тұрғындары мен қонақтары театрдың әртүрлі репертуарынан қойылымдар тамашалай алатын арнайы жабдықталған сахна алаңы, заманауи жарықпен және дыбыс жүйесімен жабдықталған 250 орынды үлкен көрермендер залы және 70 орынды кіші залы, кең фойесі бар.

1991 - 2025 жылдар аралығында театрда қазақстандық, шетелдік және классикалық драматургия негізінде 190 - нан астам спектакль қойылды. Театр репертуарында заманауи драматургтердің туындылары бойынша қойылымдар ерекше орын алады. Театр базасында жылына 200 - ден астам спектакль өтеді, оларға 37 мыңнан астам көрермен қатысады. Театр өз қызметін тек спектакльдердің көрсетілімдерімен шектелмейді. Театрда тұрақты негізде келесі бағыттар бойынша жобалық қызмет жүргізіледі: "Prospect school" театр мектебі, заманауи қазақстандық драматургия фестивальдері "Драма.kz/города", "Food - театр" жобасы, "Театр пьесаларының оқылымы" жобасы, "Proтеатр" экскурсиялары, ұйымдастырушы және театр жобаларының жетекшісі - ЕМТИ түлегі, басшының орынбасары Авдюков Павел Степанович.

Қазіргі уақытта театрдың басшысы - Ахмедин Салауат Сағадатұлы.

Театрдың көркемдік жетекшінің міндетін атқарушы - Керимов Олег Авезович.

Театрдың бас суретшісі - Татьяна Викторовна Ушакова.

Театрдың қойылымдық бөлімін көптеген жылдар бойы Наталья Леонидовна Соболева басқарады.

Театр труппасының меңгерушісі - Евгения Геннадьевна Тесля - Ярцева.

Басшының орынбасары - Авдюков Павел Степанович.

Соңғы жылдардағы ең маңызды марапаттардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:

Театр труппасы өз жұмыс жылдары ішінде бірнеше рет халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жоғары марапаттарға болды:ие

2013 жыл - "Классика бүгін" IX Халықаралық театр фестивалі, Днепродзержинск қ., Украина - А. Н. Островскийдің пьесасы бойынша «Доходное место» спектаклі «Жастар аудиториясына классиканы бейімдегені үшін» дипломы.

2015 жыл - «Венок дружбы» халықаралық халық шығармашылығы фестивалі - 2015жыл (Бобруйск қ., Беларусь Республикасы).

2019 жыл - «Мелиховская весна» ХХ Халықаралық театр фестивалінің дипломанты.

2021 жыл — Көкшетау қаласындағы "TEARTКОКШЕ" Халықаралық театр фестиваліне «Тот самый день» спектаклімен қатысты. «Көркемдік тұтастығы үшін» үшінші маңызды сыйлық;

2022 жыл - Екатеринбург қаласындағы "Коляда - plays" 15 фестиваліне қатысты. "Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясындағы жеңіс - "Тот самый день"спектакліндегі әртіс Л.Гулуева.

2024 жыл - «М.@rt.контакт» XVI Халықаралық Жастар театр форумы (Беларусь Республикасы, Г.Могилев), қазылар алқасымен «Просто удивительная дура» спектаклі «Махаббат тақырыбын ашқаны үшін» арнайы дипломымен марапатталған.

 "Алтын провинция" Халықаралық театр фестивалі, Кузнецк қ., Пенза қ. "Үздік сценографиялық шешім" наградасы - Гориннің пьесасы бойынша "Поминальная молитва" спектаклі.

Теміртау театры - кең көрермен аудиториясы және заманауи жобалық кеңсесі бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан ұжым.