Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры» КМҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
№ п/п |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
1 |
Басшы |
Көркемдік, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметті жүзеге асыратын көріністік және театр-көріністік ұйымның жұмысына басшылық етеді;
|
Мемлекеттік мүлікті басқару; |
2 |
Басшының орынбасары |
· Театр қойылымдарын көрсету жоспарының орындалуын ұйымдастырады; · Гастрольдік қойылымдардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, оларды өткізуге арналған шарттардың жобаларын әзірлейді; · Ұйымның мүдделерін негізгі қызмет бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда қорғайды.
|
Мемлекеттік мүлікті басқару;
|
3 |
ӘШБ бойынша басшының орынбасары
|
· Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді; · Өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады; · Шаруашылық шығындар бюджетін жоспарлайды. Ғимаратты ұстауға, жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған шығындарға бақылау жүргізеді; · Кәсіпорынды қажетті барлық материалдармен (материалдармен, конструкциялармен, жинақтауыш бұйымдармен, құрал-саймандармен, қосалқы бөлшектермен, арнайы киіммен, шаруашылық тауарларымен және т.б.) қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
|
Театрда басқару функцияларын орындайтын адамның өз өкілеттіктерін осы ұйымның заңды мүдделеріне қайшы түрде, өзі не басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы, егер бұл мемлекетке елеулі зиян келтіруге әкеп соққан жағдайда. |
4 |
Бас бухгалтер |
· Ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, ұйымның балансындағы мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; · Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйымның құрылымы мен қызмет ерекшеліктеріне сүйене отырып, есеп саясатын қалыптастырады, шоттар жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарын) әзірлеу және қабылдау жұмыстарын басқарады; · Ұйымның қызметі, мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық әрі шынайы бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді; · Негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсету, мүлік, міндеттемелер және шаруашылық операциялардың есебін, өндірістік және айналым шығындарының, шығындар сметасының орындалуының, өнімді өткізудің, жұмыстар (қызметтер) орындалуының, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің, сондай-ақ қаржылық және есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастырады.
|
Театрдың шаруашылық және қаржылық қызметі туралы бухгалтерлік құжаттамаға көрінеу жалған ақпарат енгізу, сондай-ақ осы құжаттарды сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жою. |
5 |
Экономист (мем. сатып алу бойынша маман) |
· Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары мен алдын ала жылдық жоспарының жасалуына, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілуіне бақылау жүргізеді; · Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарының бекітілген бюджетке (даму жоспарына) сәйкестігіне бақылау жүргізуді жүзеге асырады.
|
Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың бұзылуы: Өзіне немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу; Басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру. |