Автор: Н. Коляда
Режиссерлік - қоюшы топ: В. Дроздецкий, П. Авдюков, И. Мальчихина
Көркемдік қоюшы: А. Трушкова
Оқиға біздің күндерімізде өтеді. «Наитие» атты халық әндерінің әуесқой ансамблі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Ансамбльдің солисткалары «90 - 60 - 90» стандартына сәйкес келеді, тек бұл сантиметрлер емес, жас шамалары. Олардың жалпы жасы - бесеуіне төрт жүз жас, бірақ олар өмір сүргісі, сүйгісі және сүйікті болғысы келеді.
Олардың барлығы жас баяншы Сергейге жасырын ғашық.
Кенеттен олардың көңілді отырысын ансамбльдің жаңа мүшесі - Роза есімді әйелдің келуі бұзады…
Пьесаның авторы Николай Коляда өз туындысы туралы былай дейді:
«Бұл пьеса менің «Коляда - Театрымда» (Екатеринбург қаласында) он жылдан бері сахналанып келеді. Күнде қойсаң да, аншлаг болады. Бірінші бөлімде көрермен күлкіден орындарынан құлап қала жаздайды, ал екінші бөлімде - көз жастарына ерік береді. Бұл қойылымды көрермен соңында ойланып қалатындай етіп ойнау керек: "Мен жарты сағат бұрын неге сонша күлдім өзі?" деп. . . »
Қоюшы топ:
Муз. көркемдеу: Гермес Н. И.
Жарық: Грехов В. А.
Хореография: Квасневская О. М.
Вокал бойынша репетитор: Клейман Л. Г.
Рөлдерде:
Капитолина Петровна - Снегирева Н. В.
Сара Абрамовна - Агафонова А. С.
Ираида Семеновна - Зверьева О. А.
Нина Андреевна - Тесля - Ярцева Е. Г.
Тамара Ивановна - Гулуева Л. В.
Роза Николаевна - Ершова Н. В.
Сергей - Бухонов В. В., Колесов Н. Е.
https://tuz-temirtau.kz/kz/repertuar/a-ymda-y-repertuar.html?id=908&layout=edit#sigFreeId4409f60889