Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ
ТЕМИРТАУСКИЙ ТЕАТР ДЛЯ ДЕТЕЙ И ЮНОШЕСТВА
✦ ✦ ✦

36-шы театр маусымы аяқталды

36-шы театр маусымы аяқталды

31 мамыр күні Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында 36-шы театр маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Мерекелік күн «Волшебная лампа Аладдина» спектаклінің көрсетілімімен басталды. Қойылым алдында кішкентай көрермендер үшін театр әртістерінің қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар түрлі ойындарға, байқауларға және би бағдарламаларына белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді.

Спектакльден кейін барлық балаларды іс-шара серіктесі – Ren-Milk компаниясы ұсынған балмұздақ түріндегі жағымды тосынсый күттіп тұрды.

Кешкі бағдарлама театр әртістерінің концерттік нөмірлерімен ашылды. Кештің басты оқиғаларының бірі маусым бойы көрермендердің дауыс беруі арқылы жеңімпаздары анықталған дәстүрлі «Театральный багаж» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша марапаттарға ие болғандар:

«Үздік ер адам рөлі» — Владимир Хомутов;

«Үздік әйел рөлі» — Ольга Зверьева;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» — Никита Колесов;

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» — Александра Ошивалова.

Салтанатты рәсім барысында театрдың ең тұрақты көрермендері, сондай-ақ театр қызметіне қолдау көрсетіп жүрген серіктестер мен демеушілер де арнайы марапатталды.

Мерекелік кеш «Шикарная свадьба» комедиясының көрсетілімімен аяқталды.

Маусымның жабылу рәсімі театр әртістерін, қызметкерлерін және көрермендерін бір арнаға тоғыстырған жылы әрі достық атмосферада өтті.

36-шы театр маусымы бойы бізбен бірге болған барша көрерменге алғысымызды білдіреміз. Келесі маусымда қайта жүздескенше!