Қоюшы - режиссер: Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Вадим Домбровский
Көркемдік қоюшы: Татьяна Ушакова

Спектакль орыс халқының ұлы жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің «Сказка о царе Салтане» шығармасының желісі бойынша қойылған. Бұл ертегі драмалық, музыкалық және қуыршақ театрларының сахналарында жиі қойылады.
Қойылымда қуыршақ театрының тәсілдері қолданылады (ертегіні скоморохтар ойнап көрсетеді). Сонымен қатар, сахнада ірі декорациялар жоқ - барлық көріністер көрермендердің көз алдында бар болғаны үш үлкен мата көмегімен жасалады. Бұл пьесадағы орын ауыстырулардың көптігіне қарамастан, сахнада ерекше жеңіл әрі көркем атмосфера тудырады.
Мата бірде алып толқынды теңізге, бірде қаланың биік дуалдарына айналады. Скоморохтар көрермендердің қиялының арқасында бірде Салтан патшаның сарайына, бірде Гвидонның патшалығына, бірде патша пойызымен жолға шығып, бірде теңізде қалқып бара жатқан қорапшада жүзіп келе жатқандай әсер қалдырады.
Қойылымда орыс халқының дәстүрлері мен салт - санасы көрсетіледі, соның ішінде - неке қию, соғысқа шығарып салу, отанға деген сүйіспеншілік.
Суретші кейіпкерлер үшін олардың мінезі мен ертегідегі ерекше атмосфераны тамаша бейнелейтін жарқын костюмдер жасап шықты. Хореограф болса, қойылымға серпін беріп, көріністерді жандандыратын орыс халық билерін қосты.
Көрермендерді қызықты да көңілді қойылым күтуде - тосынсыйлармен, әндермен, билермен және актерлердің ойнақы шеберлігімен.
Қойылымда берілетін басты ой - адам баласына тән ең асыл құндылықтарды: мейірімділік, өзгені құрметтеу, кешірімшіл болу сынды қасиеттерді еске салу.

Қоюшы топ:
Режиссер: Домбровский В. А.
Суретші: Ушакова Т. В.
Хореограф: Квасневская О. М.
Муз. көркемдеу: Гермес Н. И.
Жарық: Мурадов Г. Д.
Режиссер ассистенті: Валеева М. И

Рөлдерде:
Царь Салтан - Хомутов В. А.
Царь - девица - Тесля - Ярцева Е. Г.
Гвидон - Гужель Р. В.
Царевна - лебедь - Агафонова А. С.
Ткачиха - Гулуева Л. В.
Повариха - Ершова Н. В.
Бабариха - Снегирева Н. В.
Восточный купец - Ибраев Н. С.
Русский купец - Бухонов В. В.
Арабский купец - Мукашев А. А.
Боярин - Блинов Ю. Ю.
Девушка - Свищева С. А.
Скоморохи - Зверьева О. А., Колесов Н. Е., Хомец Ж. И., Валеева М. И.