5 сәуір күні Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында «Bravo Quiz» театрлық квизі өтті.
Квиз – қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын дамытуға, сондай-ақ олардың дүниетанымын кеңейтуге және жастарды мәдениетке бет бұруына бағытталған зияткерлік-ойын-сауық сайысы. Сонымен қатар, квиз көрермендердің театр мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Іс-шара бағдарламасы 3 сағатқа созылып, әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған бірнеше интерактивті кезеңдерден тұрды. Қатысушыларға эрудицияны тексеретін сұрақтардан бастап, ерекше ойлауды және үйлесімді командалық жұмысты талап ететін шығармашылық тапсырмаларға дейін түрлі тапсырмалар ұсынылды.
Іс-шара театрдың кіші залында өтті. Квизге әрқайсысы 6-8 адамға дейінгі құрамдағы 8 команда қатысты.


