Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ресми сайт

«Красная Шапочка» — музыкалық ертегі

✦ ✦ ✦

«Красная Шапочка»

Жанры: Музыкалық ертегі
Көрсетуге рұқсат етілген жас: 5+
Ұзақтығы: 50 мин.
Көрсету алаңы: Үлкен зал
Авторы: С. Астраханцев
Режиссері: Владимир Дроздецкий
Суретшісі: Анна Трушкова
Жарық қоюшы: Владимир Грехов
Музыкамен әрлеуші: Надежда Пономаренко

Спектакль туралы

Ертеде бір кішкентай қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көрсе, әжесі одан да қатты жақсы көрген екен. Немересінің туған күніне әжесі оған әдемі қызыл телпек сыйлапты.

Содан бері қыз қайда барса да сол телпекті тастамай киіп жүреді екен. Көршілері оны көрсе: «Міне, Қызыл телпек!» — деп атайтын болыпты.

Барлығымыз жақсы көретін Шарль Перроның әйгілі ертегісі осылай басталады. Алайда біздің спектакльде бұл ертегі мүлдем басқаша аяқталады…

Актерлік құрам

Красная Шапочка — Екатерина Орищенко

Қасқыр — Нурлан Ибраев, Никита Колесов

Ана — Евгения Тесля-Ярцева

Дровосек — Валентин Бухонов

Әже — Наталья Снегирева, Светлана Свищёва