«Волшебная лампа Аладдина»

Спектакль туралы
Зұлым әрі дарынсыз сиқыршы Жафар Аграба қаласына келеді. Ол Хасанның ұлы Аладдинді іздейді, өйткені тек Аладдин ғана
Жафарға ғажайыптар жасай алатын сиқырлы шамды табуға көмектесе алады. Бұл туралы сиқырлы кітапта жазылған.
Батыл жас жігіт үңгірден шамды тауып, онда мың жыл бойы қамалған джиннды босатады. Енді Дахнаш атты джинн өз иесінің кез келген тілегін орындай алады. Бірақ ғашық Аладдиннің бір ғана арманы бар — қатал ханшайым Будурмен кездесіп, оның жүрегін жаулау. Алайда сұлтан Сүлеймен қызын бай ханзадаға ұзатпақшы…
Актерлік құрам
Султан — Валентин Бухонов
Будур — Екатерина Орищенко
Аладдин — Никита Колесов
Джафар — Айдар Мукашев
Джин — Олег Керимов
Аграба тұрғындары, Джиннның қыздары —
Людмила Гулуева, Ольга Зверьева, Евгения Тесля-Ярцева, Анастасия Агафонова
Арап бала — Юрий Блинов




