Авторы Р. Хоудон
Қоюшы-режиссер А. Чупин
Көркемдік қоюшы А. Трушкова

Комедия жанрындағы ең күлкілі заманауи пьесалардың бірі Теміртау қалалық театрының әртістерінің сахнасында өмірге келді. Бұл пьесаның қызықты оқиғасы – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан мәңгілік тақырып – махаббатқа арналған. Сонымен қатар, қойылым режиссері бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтереді: шынайы сезім, адалдық пен әділдік туралы.
Р. Хоудонның пьесасы жағдайлар комедиясы дәстүрінде жазылған: жігіт пен оған мүлде бейтаныс қыз бір төсекте қалай тап болды? Мұны қызғаншақ қалыңдыққа қалай түсіндіресің?! Енді барлығы жағдайдан шығудың амалын іздеуі керек: күйеу жігіт те, оның досы да, досының қалыңдығы да... Тіпті, бұл шым-шытырық оқиғаға бөлме күтуші де араласады. Ал салтанатты үйлену тойының уақыты таяп қалды... Олар бәрін түсіндіріп үлгере ме екен?

Қоюшы топ
Режиссер: Чупин А. В.
Суретші: Трушкова А. М.
Муз. көркемдеу: Гермес Н.И. Колосов И. П.
Жарық: Грехов В. А.
Хореография: Квасневская О. М.

Рөлдерде:
Рэчел- Валеева М. И.
Билл - Гужель Р. В.
Том - Колесов Н. Е., Мукашев А. А.
Джуди - Агафонова А. С.
Джули - Зверьева О. А.
Дафни - Снегирева Н. В.