Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ресми сайт

«Сказка о царе Салтане» — ертегі

✦ ✦ ✦

«Сказка о царе Салтане»

Жанры: Скоморошья потеха
Көрсетуге ұсынылатын жас: 6+
Ұзақтығы: 50 мин.
Көрсетілім алаңы: Үлкен зал
Авторы: А. С. Пушкин
Қоюшы-режиссер: Вадим Домбровский
Қоюшы-суретші: Татьяна Ушакова
Жарық әрлеуші: Георгий Мурадов
Музыкамен әрлеуші: Надежда Гермес
Хореография: Оксана Квасневская

Спектакль туралы

Спектакль орыс халқының ұлы жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің «Сказка о царе Салтане» шығармасының желісі бойынша қойылған. Бұл ертегі драмалық, музыкалық және қуыршақ театрларының сахналарында жиі қойылады.

Қойылымда қуыршақ театрының тәсілдері қолданылады — ертегіні скоморохтар ойнап көрсетеді. Сахнада үлкен декорациялар жоқ, барлық көріністер көрермендердің көз алдында бар болғаны үш үлкен мата көмегімен жасалады.

Бұл пьесадағы орын ауыстырулардың көптігіне қарамастан, сахнада ерекше жеңіл әрі көркем атмосфера тудырады. Мата бірде алып толқынды теңізге, бірде қаланың биік дуалдарына айналады.

Скоморохтар көрермендердің қиялы арқылы бірде Салтан патшаның сарайына, бірде Гвидонның патшалығына, бірде теңізде қалқып бара жатқан қорапшада жүзгендей әсер қалдырады.

Қойылымда орыс халқының дәстүрлері мен салт-санасы көрсетіледі: неке қию, соғысқа шығарып салу, отанға деген сүйіспеншілік.

Суретші кейіпкерлер үшін олардың мінезі мен ертегідегі атмосфераны айқын көрсететін жарқын костюмдер дайындады.

Хореограф қойылымға серпін беретін орыс халық билерін қосты.

Көрермендерді тосынсыйларға, әндерге, билерге және актерлердің шебер ойынына толы қызықты қойылым күтеді.

Қойылымның басты идеясы — адамға тән ең асыл қасиеттерді: мейірімділік, өзара құрмет, кешірімшілдік сияқты құндылықтарды еске салу.

Актерлік құрам

Царь Салтан — Владимир Хомутов

Царь-девица — Евгения Тесля-Ярцева

Гвидон

Царевна-Лебедь — Анастасия Агафонова

Ткачиха — Людмила Гулуева

Повариха — Наталья Ершова

Бабариха — Наталья Снегирева

Восточный купец — Нурлан Ибраев

Русский купец — Валентин Бухонов

Арабский купец — Айдар Мукашев

Боярин — Юрий Блинов

Девушка — Светлана Свищева

Скоморохи — Ольга Зверьева, Никита Колесов, Жанна Хомец, Маргарита Валеева