Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ресми сайт

«RE: Обломов» — почти документальная драма

✦ ✦ ✦

«Re: Обломов»

Жанры: Почти деректі драма
Көрсетіліміге ұсынылатын жас: 16+
Ұзақтылығы: 1 сағ 30 мин
Көрсетілім алаңы: Кіші зал
Авторы: И. Гончаров, инсценировка — Ольга Малышева
Қоюшы-режиссері: Антуан Дукравец
Қоюшы-суретшісі: Татьяна Ушакова
Жарық қоюшы: Владимир Грехов
Музыкамен әрлеуші: Антуан Дукравец
Хореография: Оксана Квасневская

Спектакль туралы

Гороховая көшесіндегі үлкен үйлердің бірінде, таңертең төсегінде Илья Ильич Обломов жатыр. Ол үйде болған кезде көбіне дәл осылай — төсектен тұрмай жата береді.

Гончаровтың әйгілі «Обломов» романында Штольц те, Ольга да, Захар да басты кейіпкерді төсектен тұрғыза алмайды.

«Re:Обломов» спектаклінде де оқиға осыған ұқсас басталады, бірақ мүлдем басқа атмосферада дамиды.

Біз Илья Ильич Обломовқа XXI ғасырдың көзімен қараймыз: оның өмір салты бізге таныс па, оның сезімдері бізге түсінікті ме, ал әрекеттерінің себептері қандай?

Егер біз Гончаров романының кейіпкерлерімен сөйлесе алсақ, оларға не айтар едік?

Бұл спектакль көрермендерді достық пен махаббат, жалқаулық пен ерік-жігер, жеңістер мен жоғалтулар туралы ойлануға шақырады.

Актерлік құрам

Обломов — Айдар Мукашев

Штольц — Евгения Тесля-Ярцева

Ольга — Анастасия Агафонова

Захар — Олег Керимов, Владимир Хомутов

Жители города — Людмила Гулуева, Никита Колесов, Маргарита Валеева, Ольга Зверьева, Юрий Блинов