«Четыре пера. Мыстан. Байтерек.»

Спектакль туралы
Бұл «Жақсылық ағашын» Мыстаннан қорғайтын Самрұқ құс туралы ертегі.
Алайда зұлым Мыстан айлакерлікпен Самрұқ құсты жеңіп, «Жақсылық ағашын» тасқа айналдырады.
Самрұқ құс өзіне көмекшілер табады — олар ата мен әже. Құс оларға өзінің сиқырлы қауырсынын береді.
Ата мен әженің балалары болмағандықтан, олар үш ұл мен бір қыз сұрайды. Балаларына Мейірім, Қайсар, Шыдам және Ақыл деген ат қояды.
Мыстан олардан кек алу үшін шал мен кемпірді ұрлап кетеді. Балалары ата-аналарын құтқарғысы келеді, бірақ қайда іздеу керектігін білмейді.
Олар бүкіл елді аралап іздеуге шығып, солтүстікке, оңтүстікке, батысқа және шығысқа бет алады. Ал алдарында оларды көптеген қиын сынақтар күтеді.
Актерлік құрам
Папа — Хомутов В. А.
Мама — Свищёва С. А.
Самрук — Орищенко Е. С.
Мыстан кемпір — Гулуева Л. В., Валеева М. И.
Қайсар (Смелость) — Орланов Е. М.
Ақыл (Ум) — Колесов Н. Е.
Шыдам (Терпение) — Блинов Ю. Ю.
Мейірім (Доброта) — Ошивалова А. Е.
Борец — Ибраев Н. С.




