Театр, 1989 жылы Неміс драма театры Алматы қаласына көшкеннен кейін, ғимаратының базасында құрылды. Бұл ғимаратта Теміртау қаласының Металлургтер мәдениет сарайы, Музыкалық комедияның академиялық театры, Неміс драма театры орналасқан, ал 1989 жылдан бастап Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры.

Театрдың ашылу мақсаты - Теміртау қаласының театр мәдениетін сақтау, Қарағанды облысында толығымен жас көрерменге бағдарланған театр ашу. Театрдың бірінші маусымы 1990 жылдың 24 қарашада О.Петрушевскаяның пьесасы бойынша «Чемодан чепухи» қойылымымен ашылды. Бiрiншi маусымында келесi спектакльдер қойылды: «Чемодан чепухи», «Ай, да братец кролик», «Без вины виноватые», «Птица горлица», «Маленькие трагедии». Театр труппасында келесі актерлер қызмет атқарған: В.М.Авраменко, С.В.Иванцев, Н.А.Корастелева, Н.Г.Каширина, А.С.Кашуро, Н.В.Мальцева, М.Н.Маскалюк, Б.Г.Немирович-Данченко, Н.К.Сытина, И.П.Саканцев, Н.Я.Шор, А.А.Кругель.

Театрдың құрылуына улкен үлес қосқандар: В.Н.Корастылев - (театрдың директоры) 1989-1993 жылдар; С.П.Юн - (театрдың директоры) 1995-2004 жылдар; Ю.Синин - (бас режиссер) 1989-1994 жылдар; Е.А.Соколова - (бас режиссердің м.а.) 2002-2004 жылдар; М.М.Долиненко - (бас режиссер) 2004-2009 жыл, бас суретшiлер: А.И.Осипенко 1989-1991 жылы, 1991-1993 жылдан - Л.А.Синицина, Л.П.Скокова 1994-2019жылы.

Театрдың труппасы бүгiнгi күнге 20 актерлерден тұрады. Театрының шығармашылық құрамы жаңадан көрiнген. Труппаның 30%-ы 30-ге дейiнгi жас шамасындағы жаңадан көрiнген актерлер. Театрда ұзақ уақыт бойы келесі актерлер жұмыс iстейдi: Сытина Нина Констатиновна, Хомутов Владимир Александрович, Керимов Олег Авезович, Тесля-Ярцева Евгения Геннадьевна, Ершова Наталья Викторовна, Снегирева Наталья Викторовна, Свищева Светлана Александровна, Гулуева Людмила Владимировна, Мукашев Айдар Аскарович.

Театр басқарушысы- Дроздецкий Владимир Владимирович (2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін)

Көркемдік жетекші – Маскалюк Михаил Николаевич (2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін).

Театрдың бас суретшісі – Ушакова Татьяна Викторовна (2018 жылдан бастап).

Көркем-қойылымдық бөлімінің меңгерушісі – Соболева Наталья Леонидовна (1996 жылдан бастап осы уақытқа дейін).

Труппа меңгерушісі – Мальчихина Ирина Андреевна (2018 жылдан бастап).

Театр Теміртау қаласының ескі бөлігінде орналасқан, ғимарат архитектуралық ескерткіш болып табылады. Театр жарық және дыбыстық жабдықтармен жабдықталған сахналық алаңымен, 270 орынға арналған көрермен залы және 70 орындарға кіші залымен қамтылған.

 

Театрда 1991 жылдан 2019 жылға дейiн 160 астам спектакльдің қойылымы жүзеге асқан. Қазіргі репертуарда 27 спектакль. Олар балаларға арналған, классикалық, заманауи, шетел және қазақстандық драматургияның негiзiндегі спектакльдер. Театр жылына орта есеппен 235 спектакль қояды, оларды 37 мыңнан астам көрермен тамашалайды.

 

Театр Қазақстан Республикасында да, шетелде де гастрольдер және фестивальдерге қатысады:

 

2001 жылы (Алматы қаласы) комедияның бірінші Республикалық блиц-фестивалі  – үшiншi дәрежелі сыйақы және «Сахналық өнерге деген ерлiк пен адалдығы үшін»  арнаулы жүлдесі.

2003 жылы (Украина, Днепродзержинск қаласы)  «Классика бүгiн» V Халықаралық фестиваль – «Үздік жас актер» номинациясында - автор В.Сологубтың «Беда от нежного сердца» спектакліндегі рөлі үшін театр актері О.Керимовтың жеңісі. 

2006 жыл (Украина, Днепродзержинск қаласы)  «Классика бүгiн» VI Халықаралық фестиваль – «Үздік әйел рөлi» номинациясында –Ғ. Мүсiреповтың  «Махаббат туралы дастан» спектаклінде театр актрисасы У.Рыспаева (Баян Сұлу рөлін сомдағаны үшін) және  «Екiншi пландағы үздік еркек рөлі» номинациясында – театр артисі В. Дроздецкийдің (Кодардың рөлiн сомдағаны үшін) жеңісі.

2008 жыл (Украина, Днепродзержинск қаласы)  «Классика бүгiн» VII Халықаралық фестиваль – А. Куприннің повесті бойынша «Яма» спектаклінде «Әйел актер ансамблінiң бүтiндiгi үшін» қазылар алқасының арнаулы жүлдесі.

2011 жыл «Классика бүгiн» VIII Халықаралық театр фестивальiнiң қазылар алқасының «Шапшаң шығармашылық өсу және көрерменде мерекелiк көңiл күйді жасағаны үшін» арнайы дипломы.

2013 жыл  (Украина, Днепродзержинск қаласы)  «Классика бүгiн» IX Халықаралық фестивалі – А.Н. Островскийдің пьесасы бойынша «Доходное место» спектаклі үшін «Жастар аудиториясына классиканың бейімделуі үшін» дипломы.

2017 жыл – ЭКСПО 2017 Астан қаласында театрландырылған шоуда белсенді қатысты.

 

Қарағанды қаласының мәдениет басқармасының басқаруымен «Театр балалар көзімен» аймақтық фестивалінде төрт рет Бас Жүлдені иемденген.

 

Театр үлкен, кең географиясы бар. Театр ай сайын Қарағанды облысының серіктес қалалары мен ауылдары бойынша спектакльдермен шығады. Спектакльдерді Қарағанды, Шахтинск, Саран, Пришахтинск, Майқұдық мектептерінің оқушылары тамашалайды. Жыл сайын театр Қазақстан Республикасының қалаларына гастрольдерді ұйыдастырады. Бұл-Астана, Орал, Өскемен, Көкшетау, Жезқазған, Петропавл, Павлодар. Одан әрі театр Ресейге, Орынбор, Новосибирск, Омбы, Қорған қалаларына гастрольді жоспарлап отыр.