ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ

 

 

Театр, 1989 жылы Неміс драма театры Алматы қаласына көшкеннен кейін, ғимаратының базасында құрылды. Бұл ғимаратта Теміртау қаласының Металлургтер мәдениет сарайы, Музыкалық комедияның академиялық театры, Неміс драма театры орналасқан, ал 1989 жылдан бастап Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры..

 

Театрдың ашылу мақсаты - Теміртау қаласының театр мәдениетін сақтау, Қарағанды облысында толығымен жас көрерменге бағдарланған театр ашу. Театрдың бірінші маусымы 1990 жылдың 24 қарашада О.Петрушевскаяның пьесасы бойынша «Чемодан чепухи» қойылымымен ашылды. Бiрiншi маусымында келесi спектакльдер қойылды: «Чемодан чепухи», «Ай, да братец кролик», «Без вины виноватые», «Птица горлица», «Маленькие трагедии». Театр труппасында келесі актерлер қызмет атқарған: В.М.Авраменко, С.В.Иванцев, Н.А.Корастелева, Н.Г.Каширина, А.С.Кашуро, Н.В.Мальцева, М.Н.Маскалюк, Б.Г.Немирович-Данченко, Н.К.Сытина, И.П.Саканцев, Н.Я.Шор, А.А.Кругель..

Толғырақ